8.09.2020, 13:41
Оқылды: 9

 БҚО-да «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Құрметті Батыс Қазақстан облыс тұрғындары! Халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Батыс Қазақстан облыс аумағында 2020 жылғы 7 қыркүйек-1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. WhatsApp Image 2020-09-08 at 11.49.49

Өткізілетін кезеңде учаскелік полиция инспекторларымен өздерінің бекітілген әкімшілік учаскесінде халықтармен танысу мақсатында және де тұрғындардын арасынан әр-түрлі құқық бұзушылықтар анықтау үшін аула және көпқабатты үйлер тексеріледі. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Тексеру кезінде жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелерін,  базарлар мен өзге сауда жасау орындарын, жастар және кәмелетке толмағандар шоғырланған жерлерде олардың тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер жасауына жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізіледі.

WhatsApp Image 2020-09-08 at 11.52.02

Сонымен қатар, саяжай алқаптарын, құрылыс объектілерін, оның ішінде тоқтатылған және тасталған объектілерін, шатырды, жертөлелерін, канализациялық құдықтарды және  өзге орындарды тексеріледі.

Учаскелік полиция инспекторларының негізгі күштері ауылдық жерлерде қыстақтарды тексеруге бағытталады. Тексеру барысында тұрғылықты мекенжайлары жоқ адамдарды, адамдарды заңсыз жұмысқа пайдалануы, шетелдік азаматтардың көші-қон келу ережесін бұзу, тіркелмеген қарулар мен тыйым салынған заттарды сақтағандарды анықтау мақсатында да тиісті шаралар жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторларымен, жергілікті орындау өкілдері және жұртшылықтын қатысуымен тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, халық арасында туындаған құрделі сұрақтарын зерделеп, оң шешімін табуға бағытталады.

Тұрғындарға осы өткізіліп жатырған жедел профилактикалық іс-шарасына  түсінумен қарап, полиция қызметкерлеріне көмек көрсетуіңізді сұраймыз.

Барлық керек ақпаратты мына телефондар арқылы 98-43-09, 98-43-11 және 98-43-13 БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасынан алуға болатынын хабарлаймыз.

 

БҚО ПД ЖПҚБ

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале