9.09.2020, 10:45
Оқылды: 13

БҚО-да оқушыларға компьютерлік құрылғылардың алғашқы бөлігі келді

Бүгін республикалық бюджет есебінен алынуы жоспарланған компьютерлік құрылғылардың алғашқы бөлігі облысқа жеткізілді.

Комп 1

Бұдан бұрын қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында осал топтағы отбасылардың оқушыларына уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметі резервінен 14970 дана компьютерлік техника алынатыны айтылған еді. Ол үшін 2 318 399 596 теңге бөлінді. Бұл қаражат 1558 дана компьютер, 2018 дана планшет, 11394 дана ноутбук алуға жұмсалмақ.

Комп 2

Бүгін облысқа 735 дана планшет келді. Олар Сырым, Жаңақала ауданы және Орал қаласының оқушыларына таратылып берілді.

Осы аптада техникалардың қалған бөлігі өңірімізге жеткізіліп, қайтарымды негізде оқушыларға үлестіріледі.

Қазіргі уақытта білім басқармасы және  «Ақжайық – адалдық алаңы» кеңсесінің өкілдері техникалық құрылғыларды тексеріп, мектептерге таратып беруде, - дейді БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірова.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале