9.09.2020, 12:22
Оқылды: 44

Оралда “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысы акцияға үлес қосты

Таяуда Батыс Қазақстан облысында “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысынын бастамасымен "Мектепке жол" акциясы аясында қаламыздағы №40, 46 орта мектептері мен Жаңақала ауданындағы 100-ге жуық аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына жеке демеушілердің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының №1 бөлімінің қолдауымен алынған кеңсе тауарлары таратылды.

Жаңғыру 1

Бірлескен шараның басты мақсаты – балалардың мектепте кедергісіз білім алуларына қолдау көрсету.

- Қайырымдылық – баяғыдан қазақ халқының қанында бар қасиет. Сол асыл қасиетті жоғалтпай, жақсылық жасау – өмірлік парыз екендігін ұмытпайық дегім келеді.

Акция аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының №1 бөлімі, “ДСК Приоритет” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Нургалиева А.К” жеке кәсіпкерлігі, “Магтоксин” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Рашидов А.Л” шаруа қожалығы, “BIRLIK” еріктілер тобы, әріптестеріміз, достарымыз ниет білдіріп, қолдау көрсетті.

Жаңғыру 2

Шараға белсене қатысқан жандарға алғысымызды айта отырып, алдағы жұмыстарына табыс, береке тілеймін.

Игі істеріміз көп болсын! Жарқын сәттер көп болсын! – дейді Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысы төрағасы Дулат Макатов.

Айта кету керек, Батыс облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы атынан Нұркен Мейірбек те бастамамаға қолдау білдірді.

Қайырымдылық шарасы шеңберінде 600 мың теңге көлемінде қаражатқа тауарлар алынды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале