9.09.2020, 17:09
Оқылды: 55

Біз шашамыз, «Жасыл ел» жинай ма?

«Сырым елі» газетінің өткен сандарының бірінде журналист Б.Ширмединұлының «Көпір астындағы «кафе» атты сын мақаласы жарық көрді. Мақалада Жымпитының кіреберісіндегі автокөлік көпірінің астын халықтың оңаша отырыс жасайтын жерге айналдырғаны, өзеннің жағасы шашылған шөлмек пен қоқысқа толғаны айтылды.

Jagalau

Сыра ішіп, шөлмек босатып, су жағасын шашқан адамдар ұялды ма, ұялмады ма білмедік. Алайда іргедегі Өлеңті өзенінің қоқысқа тұншығып жатқанына «жасылелдіктер» шыдай алмапты. Олар «Birgemiz: Taza alem» жобасы аясында «Таза жағалау» акциясын ұйымдастырып, жағалаудан қыруар қоқыс шығарып, көпірдің астын тап-тұйнақтай қылып тазалады. Жастарға мекеме қызметкерлері де көмектескен.

Әрине, тазалық пен тәртіпке не жетсін? Алайда халық арамшөп қаптаған, қоқыс шашылған жердің бәрін жинап, тазартуға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы міндетті деп ойламасын. Қоқысты шашқан адам жинауы керек. Жинағысы келмесе, шашпасын!

Б.Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале