10.09.2020, 11:50
Оқылды: 29

Бәйтеректік кәсіпкерлер Нұр-Сұлтанға жол тартты

Ағымдағы жылдың тамыз бен қазан айы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай Бәйтерек ауданы әкімінің осы салаға жауапты орынбасары мен аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, жекелеген кәсіпкерлер жолға шықты.

Nyrtai (2)

Аудандық ауыл шаруашылығы  және кәсіпкерлік бөлімінен түскен мәлімет бойынша ауданнан 800 келі сиыр еті мен 200 келі жылқы еті «Жиенбай»ШҚ, «Перспектива Кан»ЖШС) жөнелтілді. Бұдан бөлек, «Қаз-Ақбас» ЖШС-ның шұжығы, «Урал-Каспий» ШҚ-ның 5 тонна балығы және «Горбачев» ШҚ-ның 200 литр қымыз нұрсұлтандық ағайынға қолжетімді бағамен сатылмақ. «Каверина С» ШҚ өндірген 400 келі сары май, 600 келі чечел ірімшігі мен «Белес-Агро» ЖШС-ның 5 тонна ұны мен ұн өнімдері де саттыққа шығарылмақ.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласында біздің облысымыздың қатысуымен өткізілетін жәрмеңке 12-13 қыркүйекке жоспарланып отыр.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале