10.09.2020, 18:24
Оқылды: 71

«Бала дауысы» Ұлттық балалар ән конкурсының V маусымы. "Біз біргеміз!»

Жуырда елімізде жыл сайын өткізілтін Ұлттық "Бала дауысы" балалар ән конкурсының V маусым финалында Батыс Қазақстан облысының намысын Тұрғали Алижан қорғайды.

бала 1

Алижан конкурсқа қатысқан 4 135  қатысушылар арасынан суырылып шығып, кіршіксіз таза бұлақтай дауысымен, харизмасымен ерекшеленді.

Алижан небәрі 9 жаста. Кішкентай жасына қарамастан туған жерін, №21 орта мектептің, сүйікті ұстазы – Нарымбетова Райханның үмітін ақтауға дайын.

Бос уақытында өлең шығарып, достарымен футбол ойнағанды жақсы көреді. Домбыра шертіп, терме айтудан үздіктердің үздігі.

Алижан басқа қатысушыларымен бірге Конкурс финалына дайындалу үстінде. 15 қазан, Республика Сарайы сахнасында сөзі – Бахтиярқызы Құрманай, әні – Павел Ли жазған «Бақытты баламын» атты авторлық әнін орындайды.

бала 2

Құрметті жерлестер! Өнер сүйер қауым! Болашақта жарық жұлдыз болып жанатын Алижанның талабын, талантын қолдап Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қолдауымен Ә.Назарбаеваның «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» Қоры ұйымдастыратын Ұлттық "Бала дауысы" балалар ән конкурсында дауыс беріп, тілекші болайық!

Алижан барлық балақайлар үшін еңбекқорлықтың үлгісі болсын!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале