«Қыстың қамын жаз ойла» деген қағиданың жаны бар.
Әсіресе, жол қатынасын қиындататын жылаңқы күздің арты қарлы қысқа ұласарын ерте бастан ойламаса, болмайды.
Сондықтан Теректі ауданы аумағындағы жол күтімін қолға алған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «СпецТехника» кәсіпкерлігімен үш жылдық шартқа отырған.
«Подстепный-Ақсай», «Самара-Шымкент», «Барбастау-Индербор» сияқты республикалық, халықаралық жол-көлік байланысындағы маңызды бағыттарда жол жиегін тал-теректен тазартып болған мердігер мекеме қыста жолды қардан тазалайды. Жолдарды ағымдық күтіп ұстау шеңберінде жол тегістеу шараларын да өздері атқаруды міндетіне алды.
- Қазір «СпецТехника» жұмысшылары ауылға кіре беріс жолдардағы қыста қар кептелісін туындататын жерлерді бұта-ағаштардан тазарту үстінде,- дейді ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысы Миржан Нұртазиев.
Самал Жәмет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz