11.09.2020, 15:17
Оқылды: 84

Теректі орталығында субұрқақ іске қосылды

 Жалпы,  субұрқақ — тек  сәндік орын емес,  ол ауыл мәдениетінің ажырамас бір бөлігі іспеттес.  

37E3F99D-5906-4990-9427-D5CAC2AFCE3B

Теректі ауданының орталығы Федоров ауылында субұрқақ іске қосылды. Демек, бұл — жұртшылық баратын демалыс орындарының қатары көбейіп келеді деген сөз.  

— Ауыл ішін абаттандыру аясында ашылған субұрқақтың жұмысына 1 млн. теңге қаржы ауылдық бюджет есебінен бөлінді. Оның биіктігі 2 метр, ал диаметрі 3,5 метрді құрайды.  Оны халық көп жүретін жерге орналастыруды жөн көрдік.

Қаладағы «Фирма модерн дизайн» ұжымы субұрқақтың сәнін келтірді. Су жаңа субұрқаққа біреу-міреу тиісіп, зақым келтірмеу үшін бұл жерде бейнебақылау қондырғысы бар екенін айта кеткен жөн, — дейді Федоров ауылдық округінің әкімі Әсет Әубәкіров.

Сөз барысында ауыл әкімі алдағы уақытта ауыл ажарын айшықтау мақсатында субұрқақтың айналасына демалуға арналған сәнді отырғыштар қоюды тілге тиек етті.

 Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале