15.09.2020, 11:13
Оқылды: 72

«Достық» топ жарды

Жақында Отбасы күніне орай аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Happy family» атты жас отбасылар арасында интеллектуалдық сайыс өтті.

Дос

«Самғау» коворкинг орталығында өткен сайысқа ауданның 6 ауылдық округтен бір-бір отбасыдан қатысты.

Командалық сайыс 4 кезеңнен тұрды. Біріншісі, сұрақ-жауап түрінде өрбіп, сайысқа қатысушылар өздерін таныстырды. Екінші кезеңде талапкерлердің білім-біліктері сынға түсті. Үшінші кезеңде талапкер отбасылар кеш жүргізушісі қойған логикалық сұрақтарға жауап берді. Соңғы бөлім жағдаяттарды шешуге арналды. Мұнда тығырыққа тірелген сәттерде қандай шешім қабылдайтындары ортаға салынды. Сайыстың түпкі мақсаты отбасылардың ауызбіршіліктері және білім деңгейлерін тексеру мен өзара ынтымақтастық т.б. бағытында өрбіді.

Сонымен қатар отбасылық құндылықты дәріптеу мақсатында оздырылған шара өз мәресіне жетті. Достық ауылынан Ахметовтер І орынды қанжығасына байласа, Атамекен ауылынан қатысқан Кондудаевтар жанұясы ІІ орынды, Оян ауылынан қатысқан жас жұптардан құралған топ ІІІ орынды иеленді. Қалған үш ауылдан ат арытып жеткен талапкерлер әртүрлі аталымдарға ие болды. Бұл сайыста бақ сынағандарға сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

 

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале