15.09.2020, 21:06
Оқылды: 34

Тасқалада қоғамдық кеңестің ІІІ отырысы өтті

Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында Б. Тасмағамбетовтың төрағалық етуімен аудандық қоғамдық кеңестің ІІІ отырысы өтті.

DSC_0954

Оған аудан әкімі А. Халелов, аудандық мәслихат хатшысы С. Рахимов және кеңес мүшелері мен мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібіне қойылған мәселелерге сәйкес аудан әкімі А. Халеловтың баяндамасы тыңдалды. 2020 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстар тілге тиек етілді. Екінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Зинекешева «Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (конкурс, аукцион) өткізу үшін ауылдық округтердің ауылшаруашылығы мақсатындағы бос жатқан жерлерінен жалпы көлемі 29694 га 20 жер учаскесіне конкурс өткізу үшін рұқсат беру туралы» ақпарат ұсынды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л. Тастембекованың «2019 жылғы 31 желтоқсандағы №42-2 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» баяндамасы тыңдалды.

DSC_0944

DSC_0962

Кеңеске қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

Қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар енгізіліп, қаулы қабылданды.

Болатбек Асқарбекұлы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале