16.09.2020, 11:16
Оқылды: 46

Бөрліде «Сommunity» орталығы ашылды

Бөрлі ауданының 85 жылдығына орай ауданда Сommunity орталығы ашылды. Шағын орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Миржан Сатқанов арнайы қатысып, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

119662892_400831130899772_6752631094942809703_n

Орталықта тұрғындарға шеберлер әлемі, караоке бөлмелері және студиялық кабинет қызмет ететін болады. Аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Ғалия Темірғалиева орталықтағы ашылған бөлімдерге жеке-жеке тоқталып өтті. Ол өз сөзінде: «Тұрғындар игілігіне деп жасақталған бұл орталыққа келушілердің жас мөлшеріне шектеу қойылмайды. Кез-келген тұрғын осы орталыққа келіп, бос уақытын өз ыңғайына сай пайдалануына мүмкіндік ала алады.

119664389_400831060899779_1820457679320689579_n

Мәселен, караоке бөліміне барып, көңілін көтеріп ән салса, шеберлер бөлімінде түрлі қолөнер бұйымдарын жасауына болады. Негізінен Сommunity-орталығының басты міндеттерінің бірі – халықтық қолданбалы өнер шеберлерін іздеу және біріктіру. Сонымен қатар студиялық бөлімде аудан тұрғындарымен түрлі кездесулер мен пікірталас шарасы өткізіледі. Кейін осы орталықта өткен барлық іс-шараларды Youtube - арнасынан арнайы ашылған "Бөрлі мәдениет" каналынан көруге болады, - дейді.

 

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале