16.09.2020, 11:25
Оқылды: 18

Бәйтеректе 87 шақырым жол жөнделуде

Биыл ауданымызда «Ауыл – ел бесігі», «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламалары асында 87 шақырым жол жөндеуден өтуде. Оның 15 шақырымы аудан орталығындағы жол. Сондай-ақ қалаға іргелес орналасқан Мичурин ауылында да жол жөндеу жұмыстары қарқынды. 

жол

- Мичурин ауылында 5 шақырым, Асан ауылында да 5 шақырым жол мен 4 шақырым арықтарды жөндеу жұмыстары жүруде. Переметный-Вечный (Таловая), Переметный-Егіндібұлақ ауылдары арасы мен Достық ауылы жолдарын жөндеу жоспары бар.

Сонымен қатар Белес ауылына кіре беріс 9 шақырымдық жол жөнделуде. Алдағы жылы Достық ауылында ауылішілік жолдар жөндеу ойда бар. Егер биылға қаражат бөлінсе, ерте мерзімінен бұрын бітіруге де дайынбыз. Қазіргі таңда 87 шақырым жолдың шамамен 45 шақырымы жөнделді.

Облысымызда құрамында әр салада қызмет жасайтын белсенді азаматтар бар мониторингтік топ бар. Сол топ өкілдері бүгін Мичурин ауылдық округіндегі жұмыстың жүру барысымен танысуда, - дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Радим Рахметов.

Мичурин ауылдық округіндегі жол жөндеу жұмысын «Адал арна» ЖШС қолға алған. Бүгінде 50 пайыздай жұмыс біте келген.

- Жол жөндеу жұмыстарын тамыз айында бастадық. Бөлінген 560 млн. теңге. Ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын 11 көшенің жолын жөндеу белгіленген. Қазіргі таңда 2 шақырым 300 метрге 2 қабат асфальт салынды. Сонымен қатар қосымша екі көшеде жұмыстар жүруде. Жыл соңына дейін маусым біткенше жұмысты бітіруге әрекет жасаудамыз, - дейді «Адал арна» ЖШС директоры Жандәулет Нұрлыбай.

 

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале