17.09.2020, 12:23
Оқылды: 44

Тасқалада актив отырысы өтті

Бүгін Тасқала ауданы әкімідігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Шакировтың төрағалық етуімен «2020 жылдың І жартыжылдығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, парасаттылықты қалыптастыру мәселелері» жөніндегі актив отырысы өтті.

aktiv (4)

Жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департамент басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин, ауыл әкімдері, мекеме және дербес бөлім басшылары қатысты.

aktiv (3)

Бұл басқосуда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент мүшелері жиынға қатысушыларды адалдық, адамгершілік қағидаларын ұстануға шақырды. Сонымен қатар облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық анықталған тұлғалар жөнінде ақпарат беріп, оларға қандай жазалар, айыппұл салынғаны жөнінде мәліметтерін ортаға салды.

Сондай-ақ жоғары лауазымды тұлғаны пара алғаны үшін жауапқа тарту және ұстау туралы бейнеролик жиынға қатысушылар назарына ұсынылды.

Отырыс соңында толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар берілді

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале