21.09.2020, 10:23
Оқылды: 37

Бәйтеректе әдеп жөніндегі уәкіл болды

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Хайруллина мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы БҚО филиалының директоры Шынар Ғабдрахманова Бәйтерек ауданына келіп мемлекеттік қызметшілермен тілдесті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев жүргізді.

IMG_7871

- Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек беру. Олардың сыбайлас жемқорлық заңнамасын, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзбау және этика нормаларын сақтау жайын түсіндіру. Елге төнген пандемия салдарынан біраз уақыт арада байланыс болмай қалды. Осыған орай әдеп жөніндегі жұмыс жоспарына байланысты жергілікті жердегі, аудандардағы әдеп жөніндегі уәкілдердің функциясын атқаратын тұлғаларды қатыстыра отырып мемлекеттік қызметшілермен  кездесулер ұйымдастырудамыз. Бұл кездесулер санитарлық талаптардың сақталуымен өткізілуде, - деді әдеп жөніндегі уәкіл Айман Рафикқызы.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, толымды жауаптар алды.

IMG_7916

- Бүгінгі мақсатым мемлекеттік қызметшілерді академияның беретін мүмкіндіктерімен және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарының жаңа мазмұнымен таныстыру болды. Қазіргі таңда Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы 11 магистратуралық білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлайды. Оқуға түсуге әр мемлекеттік қызметшінің мүмкіндігі мол. Ол үшін екі шартты орындау қажет. Біріншіден, мемлекеттік қызметшінің бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы. Екіншіден, ағылшын тілін белгілі бір деңгейде меңгеріп, тест сынағын тапсырып, сертификатын иемдену. Магистратурада білім алу барысында мемлекеттік қызметшілер шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігін алады, - дейді Шынар Төлегенқызы.

Өткен жылы облысымызда магистратураға 1 адам түссе, биыл 6 мемлекеттік қызметші оқуға мүмкіндік алған.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале