24.09.2020, 10:34
Оқылды: 229

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Егіндібұлақ мектебінде оқитын мұқтаж және көп балалы отбасыларға материалдық көмек көрсетілді. Тамыз айында басталған қайырымдылық шарасы барысында қамқорлық жасағандардың басым көпшілігі ауыл азаматтары.

30692b2e8d39

Қазіргідей қымбатшылық қысып, әрі карантин өршіген шақта бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ауызбіршілік танытқан атымтай жомарт азаматтардан көмек алған отбасылардың алғыстары шексіз.

Акция барысында «Киргенев» шаруа қожалығы 290 мың, «Адильбек», «Шарипова», «Убаева» жеке кәсіпкерліктері 30 мың ақша жинаса, «Айбар» шаруа қожағылы жетекшісі А.Сундеткалиев 50 мың, «Маслов» шаруа қожалығы 5000 теңге берді. Сауапты істен мұғалімдер де шет қалмады. Ж.Маслова 5000 тг, А.Сайбалиева 20000, Г.Хасанова 10000, Ж.Сериковна 6000 теңгесін балаларға ұсынса, басқа ұстаздар 15000 теңге қаражат жинап, қайырымдылыққа өз үлестерін қосты. Әрқашан жақсылық істен шет қалмайтын аудандық мәслихат депутаты Н.Хайруллин 99480 тенге тұратын 3 смартфон алып, оны ауылдағы отбасы балаларына сыйлады. Бұдан бөлек депутат ерекше білім беруді қажет ететін бір отбасының 2 баласына құны 40000 тг тұратын планшет алып берді.

Жалпы айтқанда Егіндібұлақ ауылының азаматтары мен кәсіпкерлері және ұстаздары 818 445 теңге жинап, оқушыларға киім-кешек, оқу құралдар және басқа да қажетті заттар алды.

Жақсылық пен қайырымдылыққа жақын адамдардың жомарттығын айқындайтын «Мектепке жол» акциясы, биыл да талай балаға қуаныш сыйлауда.

Мерует Ешниязова,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале