24.09.2020, 10:59
Оқылды: 37

БҚО-да тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жобасы іске асуда

Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыттарының бірі қалдықтарды ұтымды басқару болып табылады.

Қалдық

Тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай қайта өңделген қалдықтардың үлесі 40%-ды, ал 2050 жылға қарай 50%-ды құрауы тиіс.

Тұжырымдама тұтынушыдан коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды енгізуді көздейді.

2019 жылы "Ғылыми зерттеулерге қолдау қоры" жеке қоры Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен "БҚО ұйымдарында қалдықтарды басқару саласындағы саланы талдау бойынша іс-шаралар жүргізу және коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу" жобасын іске асырған болатын.

Жоба барысында қалдықтарды басқару саласында талдау жүргізіліп, ПИК, бизнес, мемлекеттік органдар өкілдерінің және Түркістан облысынан шақырылған өкіл Владислав Голярконың қатысуымен "ЭкоЭволюция" жобасымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков кездесу барысында жобаны қолдап, 2020 жылы "Орал қаласының тұрғындары арасында тазалық және жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мақсатында іс-шаралар өткізу" жобасы аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау алаңын орнатты.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале