28.09.2020, 10:24
Оқылды: 55

Сырымда ақын Қадыр Мырза Әлидің мерейтойына арналған әдеби кеш өтті

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегері, ып аудандық мәдениет үйінде санитарлық талаптар сақтала отырып, "Қазақ жырының Қадыры" атты әдеби-сазды кеші өтті.

IMG-20200925-WA0089 (1)

Қонақтардың легі мәдениет үйінен табылып, фойеде күйтабаққа жазылған ақынның өзі оқыған өлеңдері тыңдалды. М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің көрмесі қойылды.

IMG-20200925-WA0085

Қадырға арналған бір күннің нүктесі залдағы салтанатты шарамен қойылды.
Алғашқы құттықтау сөзді облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев бастап, Қадыр ақынның 85 жылдығына орай қашықтан жастар арасында өткен "Қазақ әнінің Қадыры" атты ақынның сөзіне жазылған ән байқауының жүлдегерлерін марапаттады. Бас жүлде Қаратөбе ауданының "Ақбақай" тобына бұйырды.
Қадекеңнің көзін көре қалған қонақтар естеліктерімен бөлісті. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев Салтанат анамызға ақ жаулық пен камзол жапты. Облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Ғанимат Нұрмұханов атамекеніне екінші табан тіреген ақынның немересі Мүслимге ат мінгізді. Мүслим Ғазизұлы атасының өлеңін оқыды.

IMG-20200925-WA0088

Қадыр Мырза Әлі қоғамдық қорының директоры Донеділ Қажымов Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұловтың өңіріне "Қадыр Мырза Әлі" қоғамдық қорының медалін" тақты. Қадыр мұрасын насихаттауға, есімін ұлықтауға үлес қосқан он төрт азамат-азаматшаны "Қадыр Мырза Әлі" қоғамдық қорының төсбелгісімен марапаттады.
Сахнада ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндері орындалды. Кеш Төлеген Есмұхановтың орындауындағы "Атамекен" әнімен түйінделді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале