29.09.2020, 19:53
Оқылды: 185

100 жаңа оқулық: Жыл соңына дейін 23 кітап аударылады

Қазақ тіліне аударылған 23 оқулық жыл соңына дейін еліміздің жоғары оқу орындарына таратылады. Бұл туралы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды.

1F489543-D63A-426F-BD32-1C5ACABCB801

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі - «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Жобаның атауында айтылып тұрғандай, бұл гуманитарлық бағыттағы оқулықтарды қамтитын жоба. Басты мақсат - сананы жаңғырту болғандықтан, соған тікелей әсері бар философия, әлеуметтану, мәдениеттану, филология сияқты гуманитарлық бағыттар, сондай-ақ гуманитарлық ғылымға тікелей қатысы бар экономика, кәсіпкерлік саласы қамтылды», - дейді «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы. Оның айтуынша, жоба қолға алынған 2017 жылы алғашқы 17 оқулық аударылып, оның таныстырылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. «Бұл оқулықтардың электронды нұсқалары бар. Өткен жылы 30 оқулықты аудардық. Жыл сайын аударылатын оқулық саны 30-дан аспаса - сапасы да жақсы болады деген шешімге келдік. Биыл жыл соңына дейін тағы 23 оқулық аударылып болады деп жоспарлануда. Басылып шыққан соң еліміздегі жоғары оқу орындарына таратылады», - дейді ол.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале