30.09.2020, 10:25
Оқылды: 25

Жәнібекте 17 маман жұмысқа орналастырылды

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің кадр жөніндегі маманы Гүлнұр Есенбаеваның айтуынша, ағымдағы жылы жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген 29 маман жұмысқа орналасу жөніндегі өз өтініштерін берген.

 дипломмен ауыл5а

- Шара 7 тамыз күні онлайн режимде өтті. Барлық жас мамандар мен мектеп директорларына телефон арқылы хабарласып, бір-бірінің нөмірлері алмасылып, мектептегі бос жұмыс орындарынан хабардар етілді.

Сондай-ақ жас мамандардың тізімі мектеп директорларына таратылды. Арнайы бір күн белгіленіп, дәл сол күні олардың телефонда болулары сұралды. Сол белгіленген күні тарату өткеннен кейін барлық мектептерге хабарласып, кім-кімді қабылдағандарын жазып алдық. Жалпы 29 маманның 18-і жас маман ретінде тіркелді. 18 маманның 13-і  мектеп директорларының шақыртуымен жұмысқа жолдама алды. Қалған 5-еуі резервке қойылды. Ал жас маманнан бөлек мектепке қабылдау туралы өтініштерін берген 11 адамның 4-еуі жұмысқа орналасып, 7-еуі резервке алынды.

Жалпы алғанда 29 маманның 17-сі жұмысқа ораналасып, 12-сі ревервке қойылды. Ал қазіргі таңда Ө.Сахипов атындағы орта мектебіне орыс тілі пәні маманы, Ғ.Қараш мектебіне ағылшын тілі пәні мұғалімі, Тегісшіл негізгі мектебіне бастауыш сынып мұғалімі, Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектебіне екі бастауыш сынып мұғалімі қажет, - дейді Гүлнұр Сейтекқызы.

 

Гүлім Шамғонова,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале