1.10.2020, 9:22
Оқылды: 33

Облыстық «Әуезді Азаншы» сайысы өтті

Ислам дінінде азан шақырудың алар орны ерекше. Азан — Ислам дінінің бес парызының бірі.

Azanshy (1)

Міне, осы орайда Орал орталық мешітінде «Әуезді Азаншы» атты облыстық азаншылар жарысы ұйымдастырылды. Аталмыш  сайысқа өңірден 12-ге жуық азаншы қатысты. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Қазылар алқасының құрамына келсек, ҚМДБ-ның БҚО бойынша Бас имамы Мұратбек Қыстаубаев, наиб имамдар Самат Алибаев пен Ерденбек Ихсанов сайысқа төрағалық етті. Қазылар алқасы алғашында азаншының тәджуиді мен мақамына мән берсе, келесі кезеңде азан тақырыбы аясында сұрақтарын қойды.

Azanshy (2)

Нәтижесінде облыстық орталық мешітінің азаншысы Асхат Асылбеков бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын Орал орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абдрахмановқа, ал үшінші орын Түлбаев Мұхамед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имамы Саят Қанатқалиға бұйырды.

Барлық қатысушыларға мадақтама дипломдар табыс етілді.

Асхат Асылбекұлына Маңғыстау облысында өтетін республикалық «Әуезді Азаншы» сайысына жолдама берілді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале