1.10.2020, 11:38
Оқылды: 17

Инвесторлар 18 жобаға қолдау көрсетуде

Инвестиция тартуға облыс әкімдігі басты басымдық беріп келеді. Биылғы 8 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 291 млрд. теңгені құрады. Елдегі пандемияға байланысты барлық шектеуге қарамастан, инвестиция тарту жұмысы жалғасуда. Биыл инвесторлар кеңесінде жалпы құны 46 млрд. теңге, 900-ден астам тұрақты жұмыс орнын құрайтын 18 жобаға қолдау көрсету мақұлданды. Төрт жоба бойынша құрылыс жұмысы басталды. Бұл жайында БҚО мәслихатының кезекті ХХХVІІІ сессиясында облыс әкімі Ғали Есқалиев баяндады.

IMG-20200930-WA0030

Маусымда «Бизнес үшін үкімет» жобасы басталды. Жоба аясында бизнесті ашу және қолдау үшін 50-ден астам мемлекеттік қызмет түрі ұсынылды. Инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты және «Бір терезе» қағидаты бойынша функцияларды қамтамасыз ететін invest07.gov.kz негізінде онлайн-платформа құрылды.

IMG-20200930-WA0026

Инвесторлар қолдауымен биыл екі жоба жүзеге асты. «Орал құс фабрикасы» ЖШС жылына 18 млн. дана жұмыртқа өндіретін жаңа цехты жандандырды. «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС голландиялық технология бойынша ауданы 5 га жылыжай кешенін іске қосты. Бұл кешен жылына 3 мың тонна көкөніс (7 млрд. теңге) шығарылмақ. «Кәсіпкерлікті қолдау» картасы аясында жыл соңына дейін 7 миллиардтан астам теңгеге 300-ден астам жұмыс орнын құрылатын бес жоба іске қосылады. Яғни «Орал трансформатор зауыты» ЖШС қуаттылығы 35-500 кВ трансформаторға арналған панельді радиатор, «Грин Спарк Лимитед» ЖШС күн батареяларын, «Intelligent Provective System» ЖШС жеке газ анализаторларын шығаруды жоспарлауда. «Квант» ЖШС жиһаз фабрикасының құрылысы бастамақ. «Кублей» ЖШС терілерді өңдеу дүкенін ашпақ.

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале