Жылына бір рет атаулы күн ретінде тойланатын Халықаралық қариялар күні биыл да жақсы дәстүрмен басталды. Аудандық мәдениет үйінде ауданымыздың элеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан, жастық жігермен еңбек етіп, бүгінде сыйлы қарияларға айналған бір топ үлкендерге арналып дастарқан жайылды.
Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова басқосуда бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін артында елеулі із қалдырған үлкендердің өнегелі жолы әрдайым үлгі, мақтаныш екенін айта келіп, бейнеттерінің зейнетіп көріп отырған оларға мықты денсаулық, шуақты күндер, ұрпақ жылуын тіледі.
Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Сәмиев өздеріне көрсетіліп отырған құрмет пен ықылас үшін алғыс сезімін білдіріп, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында өмірлік тәжірибелері мол қарттардың қосар үлестері мол екендігін алға тартты.
Осы күні аудан басшысы аудан іргесінде орналасқан Шоқтыбай ауылында тұрып жатқан үлкендерге арнайы сәлем бере барып, мерекелерімен құттықтап қайтты. Өздеріне көрсетілген мұндай ықыласқа риза болған ауыл қарттары алғыстарын жаудырып, бір жасарып қалды.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz