2.10.2020, 12:42
Оқылды: 63

 Жүйелі және бірлескен жұмыс қана қауіпті індеттің алдын алмақ

Қоғамдық ұйымдардың мақсат-міндеттерінің бірі – бұл халық пен биілік өкілдерінің арасын жалғау, тұрғындардың өтініш-тілектерін жоғарғы жаққа жеткізу, оған қосымша қоғамның түйткілді мәселелерінің шешілуіне де атсалысу, оған өз үлестерін қосу. «Шыңғырлау әйелдері» қоғамдық бірлестігі соңғы кездері шыңғырлаулықтардың түнде түсінде, күндіз ойында жүретін сұрақ-әлемді есеңгіреткен пандемия тақырыбына орай дөңгелек үстел жұмысын ұйымдастырды.

Kogamdyk uiymШараға ауданымыздағы осы мәселе төңірегінде нақты цифрлар айта алатын, аурудың түп-төркінін, емдеу, сауықтыру және қорғану-сақтық шараларымен айналысатын, сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыратын бір топ маман  және басшыларды жиған болатын.

Отырыста пандемияның екінші толқыны туралы болжам мен оған әзірлік шаралары туралы мол мағлұматтарымен бөліскен аудандық тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі басқарманың бас дәрігері Ермек Сабиров, Шыңғырлау аудандық ауруханасының бас дәрігері Қылыш Жазықбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Жоламанова, аудандық полиция бөлімінің бастығы Сергей Астафьев және  тағы басқалары атқарылған жұмыстары және алдағы күнге деген әзірлік туралы айтып беріп, ой-пікірлерін ортаға  салды.

Басқосуда пандемияның екінші толқыны болмас үшін әрбір адам бұған жауапкершілікпен қарау керектігін айқындады. Демек, сақтықты босаңсытпай, шектеу шараларын әлі де ұстану ләзім.

                                                                                                                                           А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале