2.10.2020, 14:56
Оқылды: 8

Қызметке құлшыныс бар

1 қыркүйекте  ҚР  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жолдауын жариялады. Президенттің елді дамыту үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді.

лукпанова

Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау әр сала қызметкерлеріне ерекше екпін берді. Мәселен, мемлекеттік қызметшілерге жасалатын іріктеу-қысқарту реформалары өте тиімді шешім болды деп ойлаймын. Себебі, «cаны көп, сапасы аз» қызметшілерден гөрі, аз болса да сапалы білікті кадрлар қызмет істесе, болашақтағы сыбайлас жемқорлықсыз қызмет пен қоғамның дамуына оң нәтижесін беретініне сенім мол.

Жалпы, мемлекеттік қызмет – ең әуелі үлкен жауапкершілік, біліктілік пен үнемі шыңдалуды талап етеді. Адам жеке тұлға ретінде өзін-өзі тұрақты жетілдіріп, алға ұмтылып отыруы қажет. Бұл ретте, қай салада еңбек етсек те, кейін соңымызда өзіміз ұялмайтындай, үлгі боларлық іс қалдырғанымыз жөн.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға атсалысу мақсатында  2016 жылы мемлекеттік қызметке келдім. Осы қызметте жүріп өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, білімді және еңбекқор азаматтармен көп таныстым. «Ұлтқа қызмет ету – мінезден» деп ұлыларымыз айтқандай, ел мүддесінің үдесінен шығуды алдымызға миссия ретінде қоя алсақ, әркім өзі қызмет етіп жүрген салада үздік, білікті маман болса, елдің де келешегі кемел болмақ.

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Ең бастысы, мемлекеттік қызметшілер Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған барлық бастамаларын бірауыздан қолдайды.

«2021 жылғы 1шілдеден бастап балдық-факторлық жүйе енгізілуге тиіс. Мұндай жоба мемлекеттік қызметшілердің құлшынысын арттырып, жауапкершілігін нығайта түседі. Бізге жаңа кадрлар, яғни кәсіби білікті, озық ойлы және бастамашыл мамандар аса қажет. Мемлекеттік қызмет қол жетпейтін жабық кастаға айналмауға тиіс» деген болатын  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, түрлі маңызды ұсыныстарды жүзеге асыру үшін осы жылдың соңына дейін мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға тиісті түзетулер енгізуді тілге тиек етті.

Сайып келгенде Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше, қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік. Президент жолдауындағы әр тарау ойдан шықты. Ендеше, іске кірісіп, елге адал қызмет етейік, мемқызметкер!

 

Айнұр Лұқпанова,

Теректі аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале