Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен биыл үшінші мәрте өткізіліп отырған «Jastar» лигасы өз мәресіне жетті.
Бір айдан астам уақытқа созылған бұл додада 25 топ бақ сынады. Үздік ойын өрнегін көрсеткен 4 топ ақтық ойынға өтіп, өз шеберліктерін танытты.
Тартысты ойын нәтижесінде үздіктердің үздігі болған «Жаңақала» құрамасы чемпион атанды. Жуырда ғана чемпионаттың «Бірлестік» лигасында «Жаңақала қазақ мектебі» командасы топ жарған болатын. Екі бірдей жеңіс аудан мәртебесін асқақтата түсті.
Әселханым Ғайнеден,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz