7.10.2020, 12:18
Оқылды: 25

Жемқорлармен күресетін қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері беріледі

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері белгіленеді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты.

Turgyn yi

«Заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері белгіленеді. Тұрғын үй мәселесін шешу, қызметкерлердің тиісті уәждемесін қамтамасыз ету мақсатында ғана емес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін де маңызды болып саналды. Заңмен 3 Кодекске, 7 заңға түзетулер енгізілді», - деді Олжас Бектенов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілерге, депутаттар мен судьяларға шетелдің банктерде есепшот ашуға, құнды заттар сақтауға тыйым салу, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларды шартты түрде мерзімінен босатуға жол бермеу, пара берушілер мен парақорлыққа делдалдарға жауапкершілікті күшейту туралы тапсырма бергенін еске салды. «Қазіргі уақытта агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен білесіп, ел Президентінің тапсырмаларын жедел заңнамалық жүзеге асыру бағытында жұмыс істеп жатыр», - деді Олжас Бектенов. Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған еді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале