12.10.2020, 19:28
Оқылды: 63

Шекарадағы түйткіл шешімін таппақ

Өткен жексенбіде облыс әкімі Ғали Есқалиев бастаған жұмыс тобы «Сырым» шекара бекетінде болып, ондағы түйткілді мәселелер төңірегінде жиын өткізді.

аким1

Аталған басқосуға БҚО ҰҚКД шекара қызметі, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, Бәйтерек ауданының әкімдігі, облыстық денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары, сондай-ақ «Қазавтожол» ҰК» АҚ басшылары қатысты. 

аким2

Айта кетейік, аймақтағы көлік ең көп жүретін бақылау-өткізу бекетіндегі мәселелер төңірегінде соңғы кезде жүргізушілерден шағым көптеп түсуде. Бұған дейін қоғам белсенділерінен құрылған арнайы мониторинг тобы шекара бекетінде болып, бақылау-өткізу бекетінің жұмысын жақсарту бойынша бірқатар нақты ұсыныстар түсірген. 

Анықталған түйткілдердің қатарында мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қызмет көрсету жылдамдығы, электр энергиясының қалыпты берілуі, ұялы байланыс қызметінің сапасын арттыру секілді мәселелер болатын.

аким3

Кездесу барысында бақылаушы органдардың жедел шешімдерін қажет ететін басқа да өзекті мәселелер көтерілді. Олардың қатарында арнайы дәретхананың жоқтығы, пандемияның екінші толқыны кезінде қыста адамдарға қызмет көрсетуге дайындығы секілді өткір мәселелер бар. 

Шекара бекеті басында жергілікті билік құрылымдарының құзыретіне кіретін барлық мәселелерді шешудің жолдары талқыланды. 

аким4

Ал елдің орталық құрылымдарының қолдауын қажет ететін бірқатар түйткілдер бойынша оларға өтінімдер жолданатын болды. Сондай мәселелердің бірі - тауарларды жылдам сканерлеу үшін инспекциялық тексеру кешені құрылғысын орнату болып отыр. 

Облыс әкімі мемлекеттік кірістер департаментіне электрондық нұсқаға көшуді, сол арқылы шекарадан өтуге тілек білдірушілер құжаттарды дәл сол жерде сканерлемеу үшін алдын-ала электронды түрде тексеруге жіберуді, сөйтіп қызмет көрсету уақытын азайтуды ұсынды. 

Сонымен қатар өңір басшысы шекара бекетін үздіксіз электр энергиясымен жабдықтау үшін жақын маңдағы Погодаев ауылындағы қосалқы станциядан желі тартуды тапсырды. Аталған ауылдағы  қосалқы станция қызметкерлерімен әңгіме барысында облыстық «БҚО ТЭК» мекемесі аудандардағы ауылдарды электрик штатымен қамтымай отырғандығы анықтады. Облыс әкімі кәсіпорын қызметкерлеріне бұл мәселені басшыларымен ақылдасып, тез арада шешу керектігін айтты.

  Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясында коронавирус жұқтырған науқастардың күн санап санының өсуіне орай шекарадан өтетін бірнші кезекте қажетті тауарлар таситын көліктерден басқа жүк көліктерін реттеу керектігін айтты. Бұл мәселе облыстық жедел штаб отырысында талқыланатын болды.

Сондай-ақ өңір басшысы Бәйтерек ауданының әкіміне жол бойында туристерді қызықтыратын қажетті нысандар салу жоспарын құруды тапсырды. Өңір басшысының айтуынша, үлкен жолдың әлеуетін толық пайдалану қажет. 

 Батыс Қазақстан облысы әкімі

аппаратының жұртшылықпен

байланыс жөніндегі қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале