13.10.2020, 10:22
Оқылды: 32

Мемлекеттік қызметтерді оңай алуға болады

Құрметті «Азаматтарға арналған үкімет» қызметін пайдаланушылар!

Memkyzmet

«Азаматтарға арналған үкімет» порталынан тегін қызметтерді алу үшін бөгде адамдардың немесе әртүрлі ЖШС мен ЖК-ның ақылы көмегіне жүгінудің қажеті жоқ. Мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталынан, EgovKzBot2.0 телеграм-ботынан, сондай-ақ eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы немесе өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан оңай ала аласыз.

Электронды үкімет порталында, әлеуметтік желілерде және Youtube желісінде мемлекеттік қызметтерді онлайн алудың қарапайым жолдары көрсетілген бейнематериалдар бар. Оларды қарап шыққан соң, онлайн қызмет алудың өте жеңіл екенін және күмәнді кісілердің көмегіне жүгініп, ақша төлеудің қажеті жоқ екенін түсінесіз. Бөгде адамдарға өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді беру қауіпті және алаяқтық әрекеттерге алып келетінін ескертеміз. Мемлекеттік қызметтерді өзіңіз тікелей алып, деректеріңіздің қауіпсіздігіне сенімді болыңыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы,

КЕАҚ БҚО бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале