13.10.2020, 17:10
Оқылды: 2

БҚО-да тағы бір оқушыдан коронавирус анықталды

Батыс Қазақстан облысында тағы бір оқушыдан коронавирус анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Okushy

БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, коронавирус Орал қаласындағы мектептердің бірінде кезекші топта білім алатын 2-сынып оқушысынан анықталды. Эпидемиологиялық тексеру барысында оқушының індетті үйден, атасынан жұқтырғаны белгілі болды. Науқаста ауру еш симптомсыз өтуде. Оқушының 14 сыныптасы мен екі мұғалімінен сынама алынды. Тест қорытындысы олардың бәрінде де коронавирустың жоқтығын көрсетті. Мектепте дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, кезекші сынып карантинге жабылды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале