Батыс Қазақстан облысында Toyota Camry жүк көлігімен соқтығысып, жүргізуші көз жұмды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 қазан күні сағат 15.20 шамасында Ақжайық ауданында болды.
«Атырау-Орал» жолының 239-шақырымында Алмалы ауылының тұсында Toyota Camry жеңіл көлігі DAF жүк көлігімен соқтығысты.
№20 өрт сөндіру бекетінің күшімен жеңіл көлікке қыстырылып қалған 34 жастағы жүргізуші мен жолаушы шығарылды. Жүргізуші ауыр жарақаттан сол жерде қайтыс болды. Ал жолаушы Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жедел жеткізілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
inform.kz