20.10.2020, 9:45
Оқылды: 30

Мүгедектерге кресло-арбалар беру қалай жүзеге асады?

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар  мүгедектер арбасына тапсырысты  ХҚО арқылы бере алады. 

Kreslo arba

ХҚО арқылы:
ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;
Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.

Мобильді топты шақырту арқылы:
"1414" бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.

Сізге қажетті құжаттар:
Жеке басыңыздың куәлігі;
Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;
Мүгедектігі жайлы куәлік;
Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;
Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.

Қызмет көрсету уақыты:
Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда,10 жұмыс күні ішінде.

Қызмет нәтижесі:
Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.

Ескерту: мүгедектерге арналған арба жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале