21.10.2020, 14:57
Оқылды: 42

«Нұрлы жер»: Батыс Қазақстанда 6 көпқабатты үй пайдалануға берілмек

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін алты үй пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

7996C8DD-89B2-4B0B-BD8D-676675FD4EF1

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының директоры Аида Ипатованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде 887 пәтер банк салымшыларының еншісіне тимек. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Осыған орай тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша да тиісті жұмыстар атқарылуда. Батыс Қазақстан облыстық филиалында 84 мыңнан астам салымшы алдағы уақытта елдегі ең төменгі ставкалармен – жылдық мөлшерлемесі 2-ден 5 пайызға дейін несие алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі есепшоттарында ақша жинауда. Қазіргі таңда қаржы көлемі 33 млн. теңгеден асады. А.Ипатованың сөзіне қарағанда, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша іске қосылатын үйлердің үшеуі Зачаган кентінде, екеуі шаһардың солтүстік-шығыс бөлігінде, біреуі Ақсай қаласында бой көтеруде. Әр шаршы метрдің сату бағасы 140 мың теңгені құрайды. Бастапқы конкурс жергілікті атқарушы органда үй кезегінде тұрған азаматтар үшін, қосымша конкурс банктің барлық салымшылары үшін болады. 15 қыркүйек пен 14 қазан аралығында 180 пәтерлік бір үйге конкурс өткізілді, күні бүгінге дейін 884 адам оған қатысуға өтініш білдірді. 13 қазан мен 3 қараша аралығында Зачагандағы тағы екі үйге (297 пәтер) дауыс беру жүргізілуде. «Биыл «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы да іске қосылды. Бұл бағдарламаға 1986-2017 жылдар аралығында кезекте тұрған адамдар қатыса алады. Қатысу үшін ЖССБ24 веб-сайтына өтініш жіберу керек. Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді бастапқы нарықтан клиенттің таңдауы бойынша рәсімдейді. БҚО бойынша несиенің ең жоғары сомасы – 12 млн. теңге», деді А.Ипатова.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале