Сырым аудандық "Жас туристер станциясы" мекемесінің ұйымдастыруымен Сырым ауданында алғаш рет қазақтың тұңғыш бард ақыны, көрнекті сазгер Табылды Досымовты еске алуға арналған «Тау тұлғалы Табылды» атты бард әндерін орындаушылар арасында ашық байқау ұйымдастырылды.
Байқауға облыс аудандарынан, Маңғыстау және Атырау облыстарынан барлығы 22 орындаушы қатысты.
Шараның мақсаты - Табылды ағамыздың әндерін кейінгі ұрпаққа насихаттау. Байқаудың бас жүлдесін Атырау облысы Индер ауданының тумасы Алтынбек Бақтыгереев жеңіп алды. 1 орынды Сырым ауданының бард орындаушысы Бақытжан Жанұзақов иеленді. Қос екінші орынды Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Опорный мектебінің мұғалімі Даурен Тажмұханов және Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының орындаушысы Расул Ерназаров иеленді. Ал 3 орын үштігінен БҚО Сырым ауданынан Азамат Қыдырғалиев, Казталов ауданынан Наргиза Мағжанова және Ақжайық ауданынан Қолғанат Марат иеленді. Табылды ағамыздың әндері айтылып, кеңінен насихатталды.
14-18 қазан күндері жұмыстар жинақталып, 19 қазан күні Сырым аудандық мәдениет үйінде байқау қорытындыланды.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы