Батыс Қазақстан облысының медицина мекемелерінде қорғаныс құралдарының ай жарымдық қоры бар, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, медицина мекемелерінде 35353 дана бірреттік, 3107 көпреттік костюм дайын тұр. Сондай-ақ 2,6 млн. астам дана бір реттік маска, қорғаныштық деңгейі жоғары 47874 маска, 335511 жұп бірреттік қолғап, 12861 литр антисептик бар. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының мәліметі бойынша «Талап» АҚ «ПромоАрт», «MegaPharma» ЖШС-мен орта есеппен 40 теңгеден медициналық маска жеткізуге келісімшарт жасасқан. Күні бүгінге дейін 40 мың дана әкелінген. Облыста маска (136551 дана), антисептик (5 мың литр), дезинфекциялық құралдар (6 тонна) жеткілікті. Отандық өндіруші «Казмедком» ЖШС мемлекеттік тіркеуден өткен кезде айына қосымша 1 млн. дана маска тіге алады. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен түскен ақпаратқа қарағанда, «AQJAIYQ» ӘКК» АҚ қорында күні бүгін 1,820 млн. дана маска бар. Облыс дәріханаларында дәрі-дәрмек пен медициналық маскалардың қаншалықты екендігі жөнінде онлайн түрде мониторинг жүргізіледі. Күн сайын фармацевтер мобильдік қосымша арқылы www.stopcovid.kz сайтына мәлімет беріп отырады. Мысалы, дәріханаларда бүгін 139 мыңдай маска болса, көтерме сауда фирмаларында 69873 дана маска тағы бар. Дәріханаларда медициналық маскалар 35-тен 60 теңгеге дейінгі бағамен сатылуда.
zhaikpress.kz