26.10.2020, 22:39
Оқылды: 15

Сырымдық ардагер әкімге марапат табысталды

Бүгін аудан әкімі Төлеген Төреғалиев бірнеше жыл Жетікөл ауылдық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарған, саналы ғұмырын ауылдың өркендеуі үшін арнаған, өмірі әрбір жетікөлдікпен біте қайнасқан мемлекеттік қызмет ардагері Салауат Ғабдуллиннің өңіріне "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" медалін тақты. 

 марап сырым

Мемлекеттік марапатты табыстау рәсіміне Жетікөл ауылдық округінің әкімі аппараты қызметкерлері куә болды.

Айта кетейік, Салауат Сапаұлының сырқаттанып, отадан өтуіне орай, награданы уақытында тапсыру мүмкін болмаған еді.

 

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале