27.10.2020, 8:42
Оқылды: 98

"Мен сыйға тартқан орамал"

Орамал – қазақ танымындағы киелі ұғым. Анамыз бен жеңгеміз ақ орамал тағып жүрсе, үйдің сәні, тазалығы. Қазақта шашты тек жесір қалған әйелдер жайған деген ырым бар.

D140D082-0583-4CAD-876F-3CAAF7E110BB

Орамал – арыңыз, сымбатыңыз, сыйластығыңыз. Қазіргі кезде орамал тағатын аналар мен келіндер азайған. Батысқа еліктеп, шаш қиып, бояп жатады.

34BEC461-5807-4E47-BA5A-7512AAE604F4

Сырым ауданы Қосарал ауылының тұрғыны Мөлдір Темірғалиева бос уақытында қыз-келіншектерге арналған соңғы сән үлгідегі орамал тігуді үйреніп, үйге келген қонақтарға, көрші келіндерге орамал сыйға тартып жүр.

Орамал тігуге сұраныс көбейіп, қолжетімді бағамен саттыққа да шығаруда. Соңғы кезде ауылымызда орамалды сыйға тарту үрдіске айналды. Қандай тамаша! Сыйластығымыз артып, бір-бірімізге орамал сыйласақ, ол да – бір ибалылықтың белгісі. Орамал тағу сан ғасырлық сән болып қала бермек.

Айман Жұбанова,

"Сырым елі" газетінің штаттан тыс тілшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале