27.11.2015, 20:39
Оқылды: 15

Мемлекеттік қызмет - абыройлы міндет (ФОТО)

Memk akim   Облыс әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның отырысы өтті. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтің төрағалығымен болған жиынға аудан әкімдері, жергілікті мемлекеттік орган басшылары қатысты.

Жиын барысында баяндама жасаған облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Амангелді Нұғмановтың сөзіне қарағанда, 2014 жылдан бастап бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне мониторинг жүргізіліп келеді. Ол тәуекел деңгейі жоғары нысандарда заңбұзушылық туралы дер кезінде ескерту, анықтау және алдын алу шараларын жасауға мүмкіндік береді. Тескеру комиссиясы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындармен өзара іс-қимыл үдерісінде жергілікті бюджетті толықтыру, негізгі құралдар мен тауар-материалдық құндылықтарды тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар береді. Мұндай шаралар бюджеттік үдерістің талапқа сай жүзеге асуына оң әсерін тигізуде. Мәселен, 2013 БҚО ІІД-дегі бақылау нәтижелері бойынша жергілікті бюджетке түсетін әкімшілік айыппұлдарды уақтылы әрі толыққанды өндіру турасында нақты тапсырмалар берілді. Соның нәтижесінде былтыр облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер алдыңғы жылмен салыстырғанда 44 пайызға ұлғайды. Осындай іс-шаралардың арқасында азаматтық қызметшілер штатына қатысты заңбұзушылықтар жойылды. Мысалы, облыстық дене шынықтыру мен спорт басқармасына қарасты мекемелердің штаттық кестелері заңнамаға сәйкестендіріліп, бюджет қаражаты үнемделді. «Жергілікті бюджет қаражатын пайдалану заңдылығы мен тиімділігін тұрақты бақылай отырып, тексеру комиссиясы өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басқа да бағыттарында жұмыс жасайды,-деді Амангелді Нұғманов.

memk akim 01

Содан кейін сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаевтің айтуынша, мембағдарламаларды орындалу барысын қадағалау бойынша жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде 13 қылмыс анықталды. Оның төртеуі «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысы аясында жасалған. Сондай-ақ департаментпен мемлекеттік сатып алуға қатысты лауазымды тұлғалармен жасалған 20 қылмыс анықталды. Мәселен, Теректі ауданының ауылдық округтеріндегі мал қорымдарын күтіп-ұстау жөнінде жалған актілер толтырып, мемлекетке 600 мың теңге шығын келтірген «Теректі мал жәрдемі» МҚК басшысы И.Бекетов сотының үкімімен бес жылға сотталды. Департамент шағын және орта бизнес қызметіне меморгандардың лауазымды тұлғаларының заңсыз аралдасуы мен кедергі келтіру деректеріне де баса мән беріп отыр. Жыл басынан бері осы бағытта 9 шенеуінікке қатысты 11 қылмыстық істің өндірісі аяқталды.

Memk akim 02

Жиынды облыс әкімі қорытындылады.

-Көпшіліктің көкейінде «Жемқорлық қашан пайда болды, қашан аяқталады?» деген сауалдар бар. Міне, осы індеттің кесірінен еліміз де көп шығын шегуде. Жалпы бұл әлем елдеріне тән құбылыс. Мәселен, Иранның өзі жылына контрабандалық әрекеттерден 20 млрд. доллар зиян көреді. Еуропа елдерінде де жағдай осындай. Онымен күресу бағытында түрлі шаралар алынуда.

Меморган басшыларының азаматтық қабылдаулары ұйымдастырылды. Сауалнамада мемқызметкердің еңбекақысының төмендігіне байланысты жемқорлыққа баратыны айтылады. Рас, мемқызметкердің еңбекақы онша көп емес. Бірақ, бүгінгі таңда олардың жалақыларын өсіру бағытында жұмыстар жүруде. Жалпы алғанда мемлекеттік қызметте жұмыс көп. Бұл - абыройлы қызмет. Оны атқару бізге жүктеліп отырғасын, сол сенімді ақтай білейік,-деді жиынды қорытындылаған Нұрлан Ноғаев.

www.zhaikpress.kz

Сәкен МҰРАТҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале