30.10.2020, 11:35
Оқылды: 43

Бөрлілік жас мұғалім Абайдың мерейтойына үлесін қосты

Қоғам - белсенді жастармен көрікті. Оны жас буын өкілдері игі істерімен дәлелдеп те келеді. Сондай белсенді жастың бірі - бөрлілік Талғат Төреғалиев. Ол өзі тұратын Достық ауылындағы Ұлы Абайдың атымен аталатын көшедегі үйлердің маңдайшасына өз қаражатына логотиптер орнатты.  

AE784DCC-6716-4238-8598-8ADC0A9311E0

Талғат өзі сол ауылда мұғалім болып қызмет етеді.

5C2C6E42-1A21-4C34-89A9-868D6EBC58B6

«Менің бұл жасаған кішкентай ғана ісімді анау айтқандай үлкен дүние деп айта алмаймын. Биыл қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы. Карантиндік жағдайға байланысты аталмыш шаралар кең көлемде тойланбайды. Дегенмен еліміздің түкпір-түкпірінде ақынның құрметіне ескерткіштер қойылып, суреттер т.б жасалып жатыр. Мен де кішкене де болса өз үлесімді қосайын деген оймен осындай логотиптер жасаттым. Әрине, алдымен ауыл әкімдігіне өз ойымды жеткіздім. Олар «жас келсе іске» деп қолдай кетті. Сөйтіп, ауылдағы Абай атындағы көше тұрғындарымен кездесіп, әр үйдің маңдайшасына ақынның бейнесі белгіленген және үйдің реттік номері жазылған логотиптерді жапсырдық. Мәселен, көшеде 15- тен аса үйдің онынан астамы, өзге ұлт өкілдері. Тұрғындар да қуанып, бірі баспа, бірі шеге-балғасын әкеп көмек етсе, енді бірі ақынның мына өлеңін, мына әнін білемін деп жарыса айтып жатты. Соның өзі адамға ерекше күш береді екен,- дейді Талғат.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале