2.11.2020, 9:33
Оқылды: 62

Аудан айнасының шырағын маздатайық

Газет – қашан да оқырманымен ғұмырлы. Қазақы қанды, қазақы жанды басылымдардың қайсысы да өзінің оқырмандарымен мықты.  Бұл оқырман көкейіндегісін дөп басқандығының көрінісі. Оның ел мүддесін, тіл тағдырын орынды қозғауының әсері шығар, аудандық басылымға жазылушылардың қатары республиканың басты басылымдарының өзінен асып кетеді-ау деп ойлаймын.

A10283A6-18E7-4128-B186-C0780329EB06

Қазіргі уақытта «Жаңарған өңір» газетінде жастар қызмет атқарады және тың бастамалар қолға алынуда. Олай дейтін себебім, заман талабына сай, әлеуметтік желі арқылы басылымға қысқаша шолу жасау арқылы оқырманына ой тастап, қызықтыра түседі. Суреттері де, мақалалары да сапалы. «Жаңарған өңір» газетін басқарып отырған басшысы да, журналистер де өздеріне артылған міндетті абыроймен атқарып келеді деп білемін. Өзім «Жаңарған өңір» газетінің тұрақты оқырманымын. Мұнда жарияланған хабар, мақалаларды ой сүзгісінен өткізіп, талқылап отырамын. Газет бетінде жарық көрген материалдарды оқи отырып, адамның ой-өрісі кеңейеді, жан сарайы ашылады. Жалпы, аудандық газеттің бетінде іргелі өзгерістер көп. Жаңа айдарлар ашылуда. Ауданымыз туралы материалдарды алдымен іздейміз. Түсіне білген адамға баспасөздің қоғамда ерекше орны бар. Оны мен қосымша көмекші құрал ретінде оқушыларыма сабақ барысында шығармашылыққа баулуға, эссе, мақала жазу кезінде пайдаланып жүрмін.  Қазір ұрпақ ауысып жатырған кезең. Біздің қатарларымыз, ересектер жағы басылымды тұрақты түрде жаздырып аламыз. Ал бүгінгі жастар газет оқи бермейді. Оның себебі неде? Осы сауал бәрімізді ойландырса керек. Бұрын жас буын туралы мақалалар жиі басылатын, олардың әдебиетке құштарлығы, өлеңдері, хабарлары көбірек берілетін. Қазір осы үрдісті жоғалтып алған секілдіміз. Айтпағым, жастар жөнінде көбірек жазсаңыздар, нұр үстіне нұр болар еді. Кішкене кезінен басылымға жақын болған ұрпақ ертең одан байланысын үзбейді. Оқушылар арасында жүргенде осындай жағдайларды байқаймын. Ойлы оқырман өзінің «Жаңарған өңірінен» қол үзбейді деген үміттемін. Ұжымға шығармашылықтың шыңына шығып, халықтың ықыласына бөленіңіздер дегім келеді. Оқырмандарыңыздың көп болуын тілеймін.

Салтанат Жанғалиқызы,

тұрақты оқырман  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале