2.11.2020, 17:42
Оқылды: 21

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы – жастар үшін таптырмас мүмкіндік

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жиынға аталмыш бағдарлама бойынша қызмет етіп, арнайы көмек алып жүрген мәдениет бөлімінің, аудандық кітапхананың, балалармен мектептен тыс жұмыс орталығының және туризм саласының жас мамандары қатысты.

IMG_3861
Дөңгелек үстел жұмысын «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова жүргізді. Қаржы және экономика бөлімінің маманы Айтбек Батырғалиұлы аталмыш бағдарлама бойынша мәлімет беріп, биылғы статистиканы атап өтті. Сала маманының айтуы бойынша бұл бағдарлама 2009 жылдан бері іске асырылып келеді. 2009 жылы жас мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары ретінде тек көтерме жәрдемақы берілсе, 2010 жылдан бастап жастарды тұрақтату мақсатында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беріле бастаған.

Биыл бағдарлама аясында бюджеттік кредитке 115 млн. 319 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, сомма толықтай игерілген болатын. Аталған қаржыға білім беру саласының 21 маманы, денсаулық сақтау саласының 9 маманы, мәдениет және спорт саласының 3 маманы баспаналы болды. Ал көтерме жәрдемақыға 10 млн. 74 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Қазіргі таңда сомманың 9 млн.281 мыңы игеріліп, 36 маманға жүз айлық есептік көрсеткішке тең соммада көтерме жәрдемақы берілді.

IMG_3880
Оның ішінде білім беру саласы бойынша 19 маманға, денсаулық сақтау саласы бойынша 9 маманға, мәдениет және спорт саласы бойынша 7 маманға, агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 1 маманға көтерме жәрдемақы берілген.

Аудандық мәдениет үйінің қызметкері Асылбек Меңдіғали: «Аталмыш бағдарлама жастар үшін жасалған керемет мүмкіндік. Біз сияқты жас отбасыларға баспаналы болу – өте маңызды. Осы жолда мемлекет тарапынан осындай көмек беріліп жатқанына дән ризамыз. Өз саламызда адал қызмет етіп, еңбек етуге дайынбыз. Мемлекеттің барынша қолдап, көмек беріп жатқанына алғысымызды айтамыз» - деп өз ойымен бөлісті.

Айбарша Лекерова,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале