3.11.2020, 19:26
Оқылды: 45

Ливиядан жаяу шыққан әйгілі саяхатшы Ақтауға жетті

Ливиядан жаяу шыққан әйгілі саяхатшы Нури Фунас Ақтауға жетті.

F2C7031E-EDEB-48D3-9192-A25EAB95A2EB

Фунас Қазақстанға ақпанда келіпті. Бірнеше өңірді басып өтіп, Каспий жағалауына жеткен.

Саяхатшының көздеген мақсатына жетуіне күн райы кедергі болмаған. Нури Фунасты қазақтың дарқан пейілі мен қонақжайлылығы және көз тоймас табиғаты таңқалдырыпты.

Ол ұзақ сапарға алғаш рет 1998 жылы аттаныпты. 20 жыл ішінде 140 елді жаяу аралаған. Ал Қазақстанға жоспарлаған жорығына осыдан үш жыл бұрын шыққан. Көктемде Ресей шекарасына жетуі тиіс еді. Алайда әлемді жайлаған пандемия кесірінен оның жоспары жүзеге аспай қалды. Алдағы күндері ол Нұр-Сұлтанға  қайта оралып, визасын ұзартпақ. Жоспарында Ресей мен Украинаны аралау.

«Каспий теңізі туралы көп естідім. Сол ғажайыпты көрудің сәті түсті. Расында керемет екен. Қазақстан барлық жағынан ерекше ел екен. Жолымда кездескендердің барлығы ақ көңілдерін білдіріп, көмектесіп жатты. Қонақжайлық танытқандықтан кейде маршрутым мен уақытымнан ауытқып та отырдым» дейді жаяу саяхатшы Нури Фунас.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале