... Қазіргі қазақ қоғамында кездесетін келеңсіз көріністердің бірі жат елдің тұрмыстық салттарын, мәдени құндылықтарын талғамсыз ала беру. Діні мен танымы мүлде басқа мұсылман емес халықтардың қаңсық болған дағды-ғұрыптарын, теріс қылықтарын таңсық көріп, салт-санаға енгізудің зардабы зор.
Қуанарлығы, қазіргі кезде имандылық жолына қарай бет бұрған жастар көбейді. Өкінішке қарай, кейбір жастар дәстүрге қарсы шығып, дінді бұра тартуда. Дәстүрді исламнан бөліп қарауды кейбір ағымдар әдейі теріс пиғылмен насихаттап отырса, ал енді бірі білместікпен солардың сөзіне сеніп, ата-баба дәстүріне қарсы шығуда. Қалай десек те, қазір біз ортамызға от ала келген ағымдар мен дәстүрге қарсы шығушыларға сол дәстүрлі мұсылманшылығымыз арқылы ғана қарсы тұра аламыз. Дінімізге, дәстүрімізге берік бола алсақ қана елдігімізді сақтап, дербестігімізге ие болып қала аламыз.
Бұл бізді ұлттық болмысымыздан, мұсылмандық мінез-құлқымыздан ажырататын, құрдымға апаратын жол. Алла елшісі (с.а.с) былай дейді:
«Алла Тағала тура жолдың не екенін мынадай мысал бере отырып түсіндіреді: Тура жол - екі шетінде екі дуал орналасқан жолға ұқсайды. Екі дуалдың әрбірінде бірнеше ашық есіктері бар. Әр есікке желбіреген перде ілінген. Жолдың басында бір ескертуші, ал оның үстіңгі жағында (дуалда) тағы бір ескертуші тұр. Жолдың басындағы ескертуші: «Жолмен тура жүріңдер, қисық кетпеңдер!», деп ескертіп тұрады».
Ләззат Шағатай,
zhaikpress.kz
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі " газетінің №88 санынан оқи аласыздар