Бүгін Орал қаласындағы қоғамдық көліктерде облыстық волонтерлік штабтың ұйымдастыруымен «Маска тағайық» акциясы өз жалғасын тапты.
- Акцияның басты мақсаты Батыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 8 қарашадағы №33-ПГВр қаулысына сәйкес, өңірімізде короновирус індетінің өршуіне байланысты 10 қараша күнінен бастап қоғамдық көліктерде бетпердесіз жүрген азаматтарға 83 340 теңге көлемінде айыппұл салынатындығын хабарлау және тұрғындарды бетперде тағып, антисептикалық құралдарды жиі қолдануға шақыру болып табылады, - дейді БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. Нұрхат Ораш.
Акцияға өңіріміздің 40 волонтері қатысып, 3000 дана бір реттік масканы таратып, аялдамалар мен қоғамдық көліктердің ішінде бетперде тақпау себепті салынатын айыппұл туралы ақпараттық парақшаларды орнатты.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz