9.11.2020, 12:14
Оқылды: 10

"Jas Otan" белсенділері партия ардагері Ольга Исаевамен кездесті

"Nur Otan" партиясы облыстық филиалының ғимаратында "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасы аясында "Jas Otan" белсенділері партия ардагері Ольга Исаевамен кездесті.

отан 2

Шараның негізгі мақсаты  –  әр түрлі буын өкілдерінің арасындағы диалогты қалыптастыруға жағдай жасау және өскелең ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, үлкендерге құрмет көрсету және ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтау.

Кездесуді "Jas Otan" ЖҚ БҚО филиалының  төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев ашты. Ол "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасының бағыттары туралы айтып, партия ардагерлерін жас ұрпаққа таныстырды.

отан 3

– «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында  үлгі тұтар аға буын өкілдерімен кездесу жиі өтеді. Олардың өнегелі өмірі кейінгі жас буынға үлгі. Бұл бізге ата-бабамызды тану, өткен тарихымызды білу үшін қажет. Сондықтан да осы бағыттағы кездесулердің жиі болғанын қалаймыз, - дейді  "Jas Otan" ЖҚ БҚО филиалының  еріктісі Бақтияр Мусин.

Отан 1

Жиынға жиналған жас буын өкілдері партия ардагеріне  тұлға ретінде қалыптасу жолы, жетістіктері, сондай-ақ біздің қоғам өмірінің рухани-адамгершілік аспектілері, өскелең ұрпақ, патриоттық тәрбие, жастар саясаты жөніндегі өз сауалдарын қойды.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале