Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қараша күні видеоконференция форматында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады.
Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. Кеңес Ресей Федерациясының төрағалығымен өтеді. Саммиттің күн тәртібінде коронавирус пандемиясының әлемнің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізген кері әсері кезінде Ұйым аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың басым бағыттары қарастырылады деп жоспарланып отыр. ШЫҰ елдерінің басшылары халықаралық және аймақтық деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады. «Сонымен қатар жиында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш бейне үндеу жасайды. Кездесу қорытындысы бойынша Мәскеу декларациясы және басқа да бірқатар құжат қабылданады деп жоспарланған»,-делінген хабарламада.
zhaikpress.kz