Қаржы ұйымдары азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзған жағдайда зардап шеккендер агенттіктен қолдау сұрай алады. Қаржы реттеушісі өтініштерді қабылдайды және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзудың әрбір жағдайы бойынша тексеріс жүргізеді.
Жедел жауап алу үшін агенттік жедел желіні іске қосты, ол арқылы халыққа кеңестер беріледі және проблемалық мәселелер жеке негізде шешіледі. Желі іске қосылғалы агенттік қызметкерлерімен 22 мыңнан астам азаматқа түсініктемелер берілді.
Қаржылық қызметтерді тұты- нушылардың құқықтарын қорғау сауалдары бойынша +7 (727) 2788 144; +7 (727) 2788 122 жедел желісі арқылы хабарласуға болады.
Гүлбаршын Әжігереева,
zhaikpress.kz
Сұқбаттың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің 10 қарашадағы №89 санынан оқи аласыздар