10.11.2020, 11:22
Оқылды: 7

Жалпақталда ауылдастарға құрмет көрсетілді

Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Казталов ауданы бойынша тоғыз адам қызмет алатын болса, соның үшеуі Талдықұдық ауылынан екен.

жалп

Қашанда жерлестерін назардан тыс қалдырмайтын талдықұдықтық ағайындар елдегі етек алған пандемияға қарамастан арнаулы орталыққа келіп, жерлестеріне құрмет көрсетті.
Талдықұдық ауылдық округінің әкімі Ақжол Қазиуллин, «Нұр-Ана» әйелдер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі әрі Казталов аудандық қоғамдық Кеңесінің мүшесі Айсұлу Иманғалиева мен кітапханашы Жанна Наурызқызы жерлестерін құттықтап, орталықтағы барлық қызмет алушыларға сыйлықтар ұсынды. Жерлестер кездесуінің соңы талдықұдықтық өнерпаздар әзірлеген бейнеконцерт қойылымымен аяқталды.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале