Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баяндауда.
Мемлекет басшысы елдің көліктік-логистикалық әлеуетін одан әрі арттыруды тапсырды. Осы бағытта өткен жылы БҚО-да 368 шақырым жол жөнделсе, биыл 436,5 шақырым жол жөндеуге 36,2 млрд.теңге қаражат қарастырылды.
Ресейдің ең ірі қалаларының бірі – Самара қаласымен байланыстыратын «Самара-Шымкент» жолына, Саратов облысына шығатын «Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы» жолдарына жөндеу жұмыстары жүруде.
Батыс Қазақстан облысын Ресейдің Волгоград, Астрахан облыстарымен байланыстыратын республикалық маңызы бар «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы», Өнеге-Бисен-Сайқын автожолдарын салу жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ Ресейдің Орынбор облысы бағытындағы «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» жолын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.
Жайық өзенің жайлаған қос облыс тұрғындары Атырау-Орал тас жолының жағдайы туралы жиі мәселе көтеріп жүр. Бүгінде аталған тас жолды реконструкциядан өткізуге, яғни жол жиегін ұзарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасауға қаражат бөлінді.
Нәтижесінде осы жұмыстар облыстың транзиттік әлеуетін дамытып, өңір экономикасының кіріс көздерін арттыратын болады.
zhaikpress.kz