13.11.2020, 16:50
Оқылды: 41

БҚО-да 10 айда 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде баяндады.

62

- Биыл елімізде енгізілген жалпы карантиндік жағдайға байланысты Үкімет тарапынан уақытша табыссыз қалған 77 мыңнан астам батысқазақстандық азамат 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алды.

Елбасы - «Nur Otan» партиясы төрағасының бастамасымен «Біргеміз» қорының қолдауымен өңірдегі 29 мыңнан астам адамға 1,4 млрд. теңге көлемінде бір жолғы қаржылай көмек көрсетілді.

Сондай-ақ 4,7 мың отбасы жалпы сомасы 1,3 млрд. астам теңгеге атаулы әлеуметтік көмек алды.

Биылғы жылдан бастап 5 мыңға жуық балаларға 277,3 млн.теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.

Бүгінде жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құрап отыр. 10 айда 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

2020 жылы жұмыссыздықты төмендету және облыс халқын жұмыспен қамту мақсатында жасақталған кешенді жоспарға сәйкес 18 мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, - деді тікелей эфирде БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале