Шыңғырлау ауданы орталығында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен тактикалық оқу-жаттығу шарасы өткізілді.
Өз біліктіліктерін шыңдауға өрт сөндірушілер бригадасы, жедел жәрдем дәрігерлері, полиция және электростанция қызметкерлері қатысты.
Өткізілген жаттығулардың негізгі мақсаты электр тұйықталуынан шыққан өртті дер кезінде сөндіру, төтенше жағдай кезінде тиісті мекемелердің атқаратын іс-қимылдарын, дайындықтарын тексеру болатын.
Белгіленген ережеге сай дабыл қағылысымен оқиға орнына алдымен жеткен өрт сөндірушілер бөлімінің қызметкерлері ширақ қимылдап, қызыл жалынды сөндірді. Осыдан кейін үйінді астында қалған бір адамды қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.
Бұл оқу-жаттығуға 18 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды. Әр ұжым өздеріне тиесілі міндеттерін мүлтіксіз атқарып, әзірліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz